ҚазақшаРусскийEnglish
  • Балансировочный станокЗарезонансный балансировочный станок ВМ8000
  • Проточка якоряПроточка якоря ГП 311 на токарно-винторезном станке
  • Соединение катушекСоединение проводника катушек с коллектором сваркой
  • ТВСТокарно-винторезный станок с электронными средствами измерений
  • Испытательный стендИспытательный стенд главных генераторов тепловозов и высоковольтных электрических машин
Бізбен жұмыс істеудің артықшылығы
  • Негiзгi мәлiмет

  • Жөндеу технологиясы

  • Кәсiпорынның ұжымы

 

Екібастұз электр машиналар зауыты заңды тұлға ретінде 2005 жылы 1 желтоқсанда тіркелді.

Енді, аз уақыт шамасында  сәйкес құрал-жабдықтармен жабдықталған, қазіргі заманға  сай   осы кәсіпорында,  электр машиналарды жөндеу үшін өнеркәсіптік кең ауқымда мүмкіндік туылды. Бұл күшті двигательдер мен тепловоздардың генераторлары, электровоздардың қозғалтқыштары мен жоғары вольтті электр машиналары.

Құрылысы жылжымалы электр машиналар үшін жөндеудің технологиялық процестері ҚТЖ-да өңделді және бекітілді.

 

Өндірісте (ИСО) 9001 – 2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесі іске асады.

  • Электрлік машиналардың күрделі жөндеуі оқшаулауды толық ауыстырумен, одан әрі бастырмалатқыш қондырғыда -вакуумға сіңдіріп, онда 0,003 атм.-да терең тұмшаулау жағдайында, содан кейін және ауа мен ылғалдың қалдығынан құтылу үшін (оқшаулауды төмендету және істен шығуға алып келетін) 6 атм. –да оқшаулаудың ұсақ саңылауларына компаундтың өткізілуі жүргізіледі, сол арқылы Монолит технологиясының оқшаулауына қол жеткіземіз.
    Жоғары вольтты ауыспалы тоқты электрлік машиналарының жөндеуі Монолит 2 технологиясымен жүреді. Өндірісте Н класстағы компаунд қолданылады, олар электрлік машиналардың Цельсия бойынша стандартты 155 –тен 180 градусқа қызып кетуге тұрақтылығын арттырады.
  • Зәкір жетегі таңдау технологиясы бойынша пісіру арқылы (қажеті болғанда), сондай-ақ инертті газ ортасында коллектрмен дәнекерлеу арқылы жалғастырылады.
  • Отырғызу орындарын балқыту: зәкір білігінде мойынтірек астына, мойынтіректі электрлік машинаның қалқанына және қалқанды қаңқаға дәнекерлеу көмірқышқыл газы ортасында дәнекерлегіш жартылай автоматтармен жүргізіледі.
  • Электрлік машиналарды бөлшектеу және жинау аударғышта жүргізіледі. Қалқанға мойынтірек мойынтіректерді престеу және түзеу бастырғышымен қондырылады.
  • Электрлік машинаның әрбір аунақшасы зәкірге немесе статорға қондырылғанға дейін, жоғары вольтты сынаудан өтеді, нормаларға сәйкес оқшаулағыш таспасына. Зәкірді (статорды) жинағаннан кейін сынау қайта жүргізіледі.
    Оқшаулағышы толық ауыстырылған, отыратын орындары мойынтірек астына қалпына келтірілген және электрлік оқшаулағыш бояумен боялған зәкір арнайы жоғары дәлдікті жаңғырмайтын станокте теңестіруден өтеді.
    Ол өз кезегінде зәкірдің (ротордың) 8 мың килограмм ауырлықпен теңестірілуіне мүмкіндік береді. Толық жиналғаннан кейін электрлік машиналар өзара жүктеме әдіс» арқылы стендте сыналады.
    Осы жолмен тепловоз генераторларын сынау мүмкіндігі бар. Жоғар вольтты электрлік машиналар статикалық сынаулардан кейін желі кернеуінен 6 мың вольтты номинальды жиілікке дейін айналумен сыналады. Зауыттық зертхана зауытқа түсетін материалдардың кіру бақылауын ғана емес, сондай-ақ, осы бақылауды талап ететін материалға қойылатын техникалық шарттарға сәйкес жүйелі бақылауын өткізеді.

 

Зауыт жұмысшыларының ынтымақты ұжымы – өнеркәсіптің тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамассыз етеді. Жоғары білікті инженерлер мен жауапты орындаушылардың қоспасы жаңа технологиялар мен үздік жобалардың қиын сұрақтарын, өндірістің қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздіктің жауапты сұрақтарын игеруге көмектесетін өндірістің сенімді іргетасы болып саналады. Қызметкерлер құрамының тұрақты өркендеуі үшін жас және келешегі бар мамандардың ағыны қажет. Кәсіпорында өндірістік іс-тәжірибе өткен студент бітірушілер арасынан құралған кадрлық резервтің қалыптасуы мен, сондай-ақ, жұмысшылардың келешекте кәсіптік дамуына «ЕЭМЗ» ЖШС мүдделі. Кәсіпорында іске асатын дайындық жүйесі мен қызметкерлер құрамын қайта даярлау сәйкес біліктілікті қамтамассыз етеді.

«ЕЭМЗ» ЖШС-ның еңбек уәждеуі жұмыскерлерге сыйлық беру қағидасында көрсетілген. Бұл жұмыскерлердің материалдық мүдделігін күшейту мақсатында, сондай-ақ, кәсіпорынның қызмет нәтижесін жоғарлату, сапалы ремонт, кірістің өсуі, тиімділікті жоғарлату, еңбек өнімділігінің өсуі, жұмысшылардың еңбек тәртібінің күшейтуі мен қадағалауда жоғары жауапкершілікпен қарау мақсатында енгізілді.

Кәсіпорын қызметкерлеріне жағдай жасауда қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелерге толық сәйкес келетін және қажетті ұйымдасқан және техникалық жабдықтармен жабдықталған қолайлы жұмыс орындары қарастырылды. Барлық талаптарға толық сәйкес келетін керекті санитарлық-тұрмыстық жайлар бар. Жұмыс орындарына аттестация өткізілді.

Өндірісте (ИСО) 9001 – 2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келетін сапа менеджментінің жүйесі іске асады. Ұжым потенциалының әсерлі менеджмент пен рольдерді дұрыс түсіну, сондай-ақ, өндірістегі сапа менеджменті жүйесінің маңыздарымен үйлесуі  тапсырысшыға жоғары сапалы жұмыс пен өнімнің уақытында тапсырылуына кепіл бере алады.

Жаңалықтар

Байланыс

  • Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141206, Екібастұз қаласы, Қонаев көшесі, 17
  • Tel: +7 /7187/ 75 50 90, +7 /7187/ 75 50 88
  • Fax: +7 /7187/ 75 50 52
  • Email: ezem@mail.ru
Ағымдағы бет: Басты бет